Бейне мемінің генераторы
Clipchamp-пен мем жасау оңай. Өзіңіздің бейнелеріңізді қолданыңыз немесе бейне үлгісін таңдаңыз, мем мәтінін қосып, достарыңызбен және жазылушыларыңызбен mp4 не GIF файлы ретінде бөлісіңіз.
Мем жасауға арналған ыңғайлы құралдар жинағы
Жеке бейне мемін жасау
Қайталанбайтын мемдер жасау арқылы тренд көшін бастаңыз. Жеке кескініңізді не бейнеңізді жүктеп салып, оны оңай реттеңіз. Тінтуірді бір-екі рет басып, қажетсіз бөліктерді қиып алыңыз және тауып айтылған мем мәтіні мен дыбыс әсерлерін қосыңыз.Реакция мемдерінен бастап бөлінген экран мемдеріне дейін барлық мемді әртүрлі макетпен және өлше ммен жасауға болады.
Мем бейне үлгісін таңдау
Классикалық мемге ерекше мағына қосыңыз. Мем бейне үлгілерінің кітапханасынан үлгі таңдап, мем мәтінін жеке креативті жазбаңызбен ауыстырыңыз. Сондай-ақ тегін каталогтік кітапханадан кез келген кескінді және бейнені ауыстыру үшін сүйреп апаруға да болады. Бейнені одан сайын күлкілі қылу үшін бейне элементтерінің уақытын реттеңіз.
Бейне әсерлерін қолданып реттеу
Бейнеңізді басқалардан ерекшелеңіз. Біздің қарапайым бейне өңдеу құралымызда меміңіз үшін әрқилы бірегей қаріп стильдерінің ішінен таңдаңыз және масштабтау мен айналдыру сияқты бейне әсерлерін қосыңыз. Әзілдеу үшін бейне жылдамдығын өзгертуге, тіпті бейне фонын ауыстыруға болады.
Clipchamp-та мем үлгісін өңдеу жолы
- 1
Мем үлгісін таңдау
- 2
Мем мәтінін, өлшемі мен түсін өзгерту
- 3
Мем бейнесін сақтау және бөлісу
1-ҚАДАМ
Мемдерді әсерлермен бөлектеп көрсету
Қарапайым және қатаң қаріптерден бастап ерекше және мультфильм сияқты қаріптерге дейін таңдап, мем бейнелеріңізге стиль қосыңыз.
Мемдеріңізге драма әсерін қосып, одан да бетер күлкілі ету үшін айналдыру, кенет не баяу масштабтау және AI кадрдан тыс дыбыстамасы сияқты танымал бейне әсерлерін байқап көріңіз.
Мемнің белгілі бір көңіл-күйін білдіру үшін сүзгілер қолданыңыз. Мысалы, винтаж стилі үшін 35 мм-лік немесе тың, анимациялық әсер беру үшін екі түсті сүзгіні байқап көріңіз. Бұлардың көрермендердің көңілінен шығары анық.
2-ҚАДАМ
Бірегей әзіліңізді көрсетіңіз
Жеке бейнелеріңіздегі клиптерді реакция мемінің күлкілі GIF файлдарына айналдырыңыз. Ол үшін бейнеклипті қиып алып, күлкілі мәтін қосыңыз. Бейне фонын оңай ауыстыруға да болады.
Өзіңізге ұнайтын жұлдыздардың, кумирлеріңіздің "фанкам" бейнелерін, ойыншылардың немесе YouTube авторларының бейнелерін ұмытылмас реакция GIF-теріне айналдырып, қауымдастықпен немесе мем сайттарында бөлісіңіз.
Өзіңізге ұнайтын вирустық мем трендін тауып алдыңыз ба? Бейне мемінің "үздік" жинағын жасап, YouTube-те немесе Reddit-те бөлісіңіз. Көрермендер трендті ештеңеге алаңдамай көре алады.
3-ҚАДАМ
Мем бейнесін жасауға көмек қажет пе?
Мем бейнелерін жасау шеберлігін бір-екі оңай қадаммен меңгеру үшін осы блогті оқыңыз.
Осыған ұқсас нұсқауларды оқу
Видеоға анимациялық мәтінді қалай қосуға болады?
Бейнені GIF форматына түрлендіру жолы
Жиі қойылатын сұрақтар
Clipchamp-тағы мем генераторын қолдану тегін бе?
Трендтегі мем клиптерін қалай қосуға болады?
Өз мемімді авторлық құқықпен қорғай аламын ба?